Близость слов: Окончание:





«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мырзахметов
20__ жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Қ. Бишімбаев
20__ жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
20__ жылғы «___» ___________
Қазақстан Републикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
«___» _________
№_____ бұйрығымен
бекітілген
«Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламент (бұдан әрі – Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес дайындаушыда (өндірушіде) орауышқа (ыдысқа) буып-түйілген (өлшеніп буып-түйілген) және буып-түйілмеген (өлшеніп буып-түйілмеген), тамақ өнімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін отандық және импорт өндірісі өніміне қолданылады және таңбалауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақпен реттелетін қатынастарға таралмайды, оның ішінде Кеден Одағының (Еуразиялық экономикалық одағы) техникалық регламенттерінің техникалық реттеу объектілері болып табылатын өнімдеріне таралмайды.
3. Осы Техникалық регламенттің ережелері өнімді өткізу, тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтіру, кәдеге жарату, жою, нормативтік құқықтық актілерді және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ сәйкестікті растау кезінде қолданылуға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi