Близость слов: Окончание:





«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялау туралы*
Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясының Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1992 ЖЫЛҒЫ ШЕКАРААРАЛЫҚ СУ АРНАЛАРЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛДЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА СУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
Осы Хаттаманың Тараптары, судың өмір сүру үшін қажетті екендігіне және судың адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті мөлшерде және сапада болуы адамдардың денсаулығын нығайту, сондай-ақ орнықты дамудың алғышарты болып табылатындығына өзіне есеп бере отырып, таза су мен үйлесімді және тиісті түрде пайдаланатын су ортасының адам игілігі мен денсаулығы үшін пайдасын мойындай отырып;
жерасты және жер үсті суларының мөлшері мен сапасына адам қызметінің қолайсыз әсері болған жағдайда олардың қалпына келу қабілеті шектеулі жаңартылатын ресурс болып табылатындығы, тиісті шектеулердің кез-келген сақталмауы осы ресурстардың баршылығына және олардың сапасына тәуелділердің денсаулығы мен игілігі үшін жағымсыз қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді зардаптарға әкеп соғуы және гидрологиялық циклды орнықты басқару жинап келгенде адам қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті екендігін назарға ала отырып; 
адамның негізгі қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті мөлшердегі және сападағы судың жетіспеушілігінен туындайтын халықтың денсаулығы үшін зиян зардап және әсіресе қолайсыз күйде және әлеуметтік шеттеу жағдайында өмір сүріп жатқан осал адам топтары үшін осындай жетіспеушіліктің айтарлықтай зардабын назарға ала отырып;
тек қана барлық деңгейлер және барлық салалар арасындағы тығыз ынтымақтастық негізінде жеке бір ел аумағында, сондай-ақ мемлекеттер арасында қанағаттандырарлық түрде шешуге болатын сумен байланысты аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендету маңызды және шұғыл мәселе болып табылатынын мойындай отырып; 
сумен байланысты ауруларға қатысты қадағалау және ерте ескерту мен ден қою жүйелерін құру аурулардың алдын алу, таралу деңгейін шектеу және төмендетудің маңызды аспекті болып табылатынын түсіне отырып;
Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму бойынша конференциясының (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) тұжырымдамаларын, атап айтқанда Қоршаған орта және даму туралы Рио-де-Жанейро декларациясы мен XXI ғасырдың күн тәртібі, сондай-ақ XXI ғасырдың күн тәртібін одан әрі жүзеге асыру бағдарламасы және Орнықты даму комиссиясының тұщы суды орнықты басқару туралы кейінгі шешімін (Нью-Йорк, 1998 жыл) басшылыққа ала отырып;
1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның тиісті ережелерін басшылыққа ала отырып және оның осы ережелерін неғұрлым кең түрде пайдалануға көмектесу, сондай-ақ Конвенцияны халықтың денсаулығын нығайту шараларымен одан әрі толықтырудың қажеттілігіне ерекше көңіл аудара отырып; 
1991 жылғы Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенция, 1992 жылғы Өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенция, 1997 жылғы Біріккен Ұлттар Үйымының халықаралық су арналарын кеме жүрмейтін түрде пайдалану құқығы туралы конвенция және 1998 жылғы Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын назарға ала отырып;  
1989 жылғы Қоршаған орта және денсаулық сақтау туралы еуропалық хартия, 1994 жылғы Қоршаған орта және денсаулық сақтау туралы Хельсинск декларациясы, «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісі министрлерінің ұсынымдары мен қарарларының тиісті қағидалары, мақсаттары және ұсыныстарын назарға ала отырып;
Полная версия
ИС BestProfi