Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасы деректерін жариялау қағидасын және мерзімін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасы деректерін жариялау қағидасын және мерзімін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 73-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасы деректерін жариялау қағидасын және мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;  
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алғаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің жылғы
№ бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасы деректерін жариялау қағидасы және мерзімі
1. Осы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасы деректерін жариялау қағидасы мен мерзімі (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 73-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Статистикалық деректер базасы «Статистика, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қол жеткізуді талдау және ұйымдастыру» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) көмегімен қалыптастырылады.
3. Ақпараттық жүйе екінші кезектегі Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйені (бұдан әрі – КААЖ-2 ҚБҚ) ақпараттық және аппараттық қамтамасыз ету инфрақұрылымын пайдаланады, оның негізгі дереккөзі тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелері болып табылады.  
4. Ақпараттық жүйе мынадай кіші жүйелерден тұрады:
2) сыртқы сауда кедендік статистикасының деректерін талдау;
Полная версия
ИС BestProfi