Близость слов: Окончание:





«Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
Смотрите: Направление
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға қағаз немесе электронды түрде мынадай құжаттарды бере отырып ұсынады:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі және (немесе) «Е-лицензиялау» www.elicence.kz веб-порталынан лицензия.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет порталына орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Қ. Бишімбаев
Полная версия
ИС BestProfi