1. Маралдар мен теңбіл бұғыларды бағалаудың осы нұсқаулығы (әрі қарай-Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес даярланған және маралдарды және теңбіл бұғыларды бағалауды нақтылай түседі.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 14-қосымша
Маралдарды және теңбіл бұғыларды бағалау нсқаулығы
1. Жалпы ережелер
2. Маралдар мен теңбіл бұғыларды бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Маралдарды бағалауды ұйымдастыру
3. Еркек маралдар мен алғаш мүйізділерді панты кесу кезінде мамыр-шілде айларында бағалайды; оларды дене тұрқының беріктілігі мен дене бітімі, тірі салмағы мен жаңа кесілген пантының, кейінде консервацияланған пантының сапсымен және даяр пантының шығымымен бағалайды.
4. Еркек маралдарды бағалау жыл сайын панты кесу кезінде маусым-шілде айларында, төлдерді енесінен бөлу кезінде, қараша-желтоқсан айларында мал басын қыстауға қойған кезде 16-18 айлық жаста жүргізеді.
5. Пантылы теңбіл бұғы шаруашылығында жануарларды жыныстық-жас топтарында: төлі, қозықасы, алғаш мүйізділер, ұрғашы жас марал, еркек және ұрғашы марал деп бірегей атау тізбесі қабылданған. Жас маралдарды еркек (сайка) және ұрғашы (саюшки) деп бөледі. Жастары бойынша топтар келесідегідей болып бөлінеді: төл- туғаннан 6 айға дейін, қозықа-6 айдан 1,5 жасқа дейін, алғаш мүйізділер мен ұрғашы жас маралдар 1,5 жастан 2,5 жасқа дейін, еркек және ұрғашы маралдар-2,5 жастан жоғарылар.
6. Еркек маралдың дене бітімі мен тұрқын жыл сайын жалпы бағалау кезінде жүргізеді.
7. Дене бітімі мен тұрқын бес балдық шәкілмен (шкала) жүргізеді. Мұнда жануардың қажет ететін бөліктеріне ерекше назар аударылады: еркек маралдардың - жыныстық диморфизмының анық байқалуына: қуатты кеудесі, арқасы, бел бөлімінің және аяқтарының мықтылығы, ең бастысы пантысының формасы мен дамуына. Осы баптарда кемшіліктер болмаған жағдайда еркек маралдарға «5» деген баға қойылады. Кемшіліктер табылған жағдайда бағасы 1 балға төмендейді.
8. Допускается развитие мощных, с толстыми стволами пантов до шести концов, с глубиной раздвоя не более 8 см. Панты должны иметь правильное строение, достаточно толстые стволы и хорошо развитые отростки: надглазной, ледяной и средний. Не должно быть лишних отростков и значительных наростов.
9. Еркек маралдарды бағалаудың мәліметтері бойынша 4 класқа бөлінеді: таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші.
1) таңдамалы класқа берік конституциялы және өте жақсы дене бітімді, салмағы бойынша ең жақсы, пантысының үлкендігі мен сапасы бойынша жатады. Пантысы жуан, мол діңді және көз үсті өсінді, мұзды және орташа дамыған өсіндері; артық өсіндер мен шорлар болмау керек.
2) бірінші класқа қалыпты жағдайда дамыған, берік конституциялы, жеткілікті мөлшерде және жақсы панты беретін, елеулі кемшіліктері жоқ жануарлар жатқызылады.
Пантысының жекелеген келесі кемшіліктеріне рұқсат етіледі:
көз үсті өсіндері жіңішке, аздаған қисықтықтары бар;
діңі қысыңқы немесе көз үсті шорлары бар, барынша көп түкті жабынды, көз үсті өсіндерінің төмен орналасуы, қара немесе сұр түсті.
3) екінші класқа панты салмағы аз, бірінші кластың стандарттарына сәйкес келетін жануарлар жатқызылады, бірақ әлсіз конституциясымен және тұлғасында немесе панты құрылысында елеулі кемшіліктері бар: сүйектерінің жіңішкелігі, еркек тұрпатының жеткілікті айқын еместігі, көз үсті өсіндердің жеткіліксіз дамуы
Полная версия

