1. Осы Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және торда өсірілетін терісі бағалы аңдарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды, сондай-ақ торда өсірілетін күзендерді, ақ түлкілерді, түлкілерді, бұлғындарды, сасық күзендерді, жанат тәрізді иттерді және саз құндыздарды бонитирлеу кезіндегі зоотехниялық талаптарды белгілейді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 16-қосымша
Осы Бұйрық 16-қосымшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 16-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 16-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүзеге асырады.
2-тарау. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Аңдарды бонитирлеу – олардың тұқымдылығына, түсінің реңіне, өлшемі мен дене бітіміне, жалпы түсіне және жүн жамылғысының сапасына, сондай-ақ кейбір қосымша белгілеріне жеке баға беру. Қосымша белгілер тұқымға қалдырылатын аңдарда бағаланады.
4. Тұқымға бүкіл алдын ала іріктелген асыл тұқымдық ядроның жас төлі және табынның репродуктивті бөлігі, сондай-ақ ұрпақ сапасы бойынша тексеруге жататын аталық пен аналықтардан алынған жас төл бонитирленеді.
5. Фермаларда өсірілетін бүкіл аңдар түрлерін бонитирлеуді олардың толығымен түбіттену кезеңінде: вуальды ақ түлкіні қазан айында; күзенді, түлкіні, күміс түсті ақ түлкілерді қазан айының соңында және қарашада; саз құндызды қараша, желтоқсан айларында 7-10 айлық жасында жүргізеді.
6. Аңдарды тек құрғақ жүн жамылғысымен жақсы жарықтандырылған шашыраңқы күн жарығында (күннің көзінде емес) немесе күндізгі жарық беретін шам жарығында бағалайды. Сырттан әкелінген аңдар бонитирленуге тиіс. Асыл тұқымды жануарлар күтіп-бағылатын фермаларда барлық жас төл; тауарлық фермаларда асыл тұқымдық ядроның барлық жас төлі және күшіктері тұқымға алынған пайдаланылатын табынның ұялас төлдері бонитирленеді. Күзен, түлкі, ақ түлкі және саз құндыздарды өмірінің бірінші жылы, бұлғындарды – өмірінің бірінші және екінші жылында бонитирлейді.
7. Бонитирлеу кезінде аңдарды қолға алады. Күзен мен сасық күзендерді едені көтерілетін жылжымалы торда бонитирлеуге жол беріледі.
8. Аңдарды түрлері, тұқымдары, типтері бойынша жеке-жеке бонитирлейді. Аңның тұқымдылығын, түсінің қарқындылығын (түлкіде – күмістей жылтырау пайызы), сыныптылығын айқындайтын үш негізгі белгісін (жануардың көлемі мен дене бітімі, түк жамылғысының сапасы мен оның түсі), сондай-ақ осы түрге (тұқымға, типке) қабылданған қосымша белгілерін бағалайды. Белгілерді көзбен қарап бағалаған кезде эталон-аңдар пайдаланылады.
9. Бонитирлеу басталғанға дейін зоотехникалық есеп деректері бойынша аңның қандай да бір тұқымға (типке) жататынын, таңбалық нөмірлердің бар-жоғын және дұрыстығын нақтылаған жөн. Жауапты бонитер (сыныптаушы): көрсетілімді бонитирлейді, барлық бонитирлерге (сыныптаушыларға) нұсқамалар жүргізеді, эталон ретінде пайдаланылатын аңдарды іріктейді, аңдарды бонитирлер арасында бөледі.
3-тарау. Белгілерді бонитирлеу
10. Тұқымдылықты бонитирлеу. Негізгі түсін анықтамайтын доминантты гендері себепші болған белгілерімен түрлі түсті күзендер, түлкілер, ақ түлкілер және саз құндыздар генотип бойынша негізгі түсті анықтайтын тиесілі тұқымға (типке) жатады. Негізгі түсінің өзгеруін айқындайтын доминантты мутациялы аңдар дербес типтер ретінде қарастырылады.
11. Түс қарқындылығын бонитирлеу. Түс реңі - қара, орташа немесе ақшыл - күзендерде (қарасы мен ағынан басқалары), сасық күзенде, ақ түлкіде, жанат тәрізді иттерде, саз құндыздарда (қарасы мен ағынан басқалары), платина түсті және қызыл түлкілерде бағалайды, күміс түсті-қара түлкілерде күмістей жылтырау пайызы айқындалады. Түс реңі (қарқындылығы) бойынша селекцияланатын типтерді шаруашылық мамандары айқындайды.
12. Аң сыныбын анықтайтын белгілерді бонитирлеу. Барлық белгілерді (дене өлшемінен басқасы) бес балдық шәкілмен бағалайды. Дене өлшемдерін он балдық шәкілмен бағалайды.
13. Өлшемі мен дене бітімін бонитирлеу. Асыл тұқымды жануарларды күтіп-ұстайтын фермаларда аң өлшемін дене ұзындығын өлшеу жолымен (саз құндызды – тірідей салмағы бойынша) анықтайды. Тауарлы фермаларда дене өлшемін көзбен көріп анықтайды. Тұқымға қалдырылған жас төлдің дене ұзындығы өлшенеді.
Көзбен көріп дұрыс бағалауды іріктеу үшін бонитирлеудің бірінші кезеңінде бірнеше қалыпты қоңды жануарларды таразыға өлшеу және ұзындығын өлшеу ұсынылады. Қандай да бір балмен бағалауға сәйкес келетін көрсеткіштер 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-қосымшаларда келтірілген. Аңдардың сыныбын айқындау кезінде 6 және одан жоғары балға ие болған аң өлшемі мен дене бітімі 5 балға теңестіріледі. Аңдарды азықтандыру алдында өлшейді, дене ұзындығын тұмсық шетінен бастап құйрық түбіне дейін арқа бойыменрулеткамен өлшейді.
Полная версия

