Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39 және 66-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары;
2) Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары;
3) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары
1. Осы Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабына сәйкес әзірленді және дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға бару тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi