1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министірінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған,) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министірінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министірінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
осы бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына:
мынадай мазмұндағы 5-тармақ 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) бал және бал ара шаруашылығы өнімдірін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақ 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер.»;
Ветеринария саласында қолданылатын тәуекелдік дәрежесін бағалау Өлшемшарттарына қосымшаға:
12 және 13-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін | ||
212 | Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органында ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы | Елеулі |
213 | Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғаларда: 1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі; 2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар); 3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті | Өрескел |
214 | Жиып қою аймағында: 1) әртүрлі санаттағы материалдар мен өнімдерді (бастапқы шикізат және орайтын материалдары; аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнімдер; карантиндегі өнім; шығаруға рұқсат берілген, қайтарылған немесе қайтарылып алынған, алудан бас тартқан өнімдерді) тиісті түрде сақтауды қамтамасыз ету үшін оның жеткілікті түрде сыйымдылығын көздейді; 2) жиып қою аймағын ұйымдастыру барысында тиісті сақтау талаптарын көздеу қажет. Жиып қою аймағы таза және құрғақ болуы керек, онда қажетті температуралық режим қамтамасыз етілуі қажет. Қажет болған жағдайда арнайы сақтау жағдайларын (температура, ауа ылғалдығы) және оларды бақылауды қамтамасыз ету керек; 3) материалдар мен өнімдерді қабылдау мен беру аймақтарында олардың ауа райының қолайсыздығынан қорғалуы қамтамасыз етілуі қажет. Қабылдау аймағының жобасы келіп түскен материалды жиып қоюдан бұрын оларды тазалауға мүмкіндік беретін болуы керек; 4) егер карантин режимі өнімдерді бөлек аймақтарда сақтау арқылы жүргізілетін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі керек. Оған кіруге тек құқығы бар адамдарға ғана рұқсат етілуі тиіс. Физикалық бөлуді алмастыратын кез-келген басқа жүйе балама қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет; 5) бастапқы материалдан сынаманы алу жұмысы жекелеген аймақта жүргізіледі. Сынаманы қойма аумағында алу барысында тікелей және қиылысқан ластанудың алдын алу шаралары қабылдануы тиіс; 6) ақауы бар, қайтарылып алынған немесе қайтарып берілген материалдарды сақтау үшін оқшауланған аймақ көзделуі тиіс; 7) қатты әсері бар заттар мен препараттар қауіпсіз және күзетілетін үй-жайларда сақталуы керек; 8) ветеринариялық препараттың сәйкестігін растаудағы маңызды рөліне байланысты таңбаланған орама материалдарының қауіпсіз және сенімді сақталуы қамтамасыз етілуі керек; 9) ветеринариялық препараттың әрбір түрі жеке камерада сақталуға тиіс; 10) ондай мүмкіндік болмаған жағдайда әрбір ветеринариялық препаратқа жалпы камерадан жеке стеллаж көзделуі керек; 11) жартылай фабрикаттарды, жекелеген ингредиенттерді анық көрінетін таңбасы - өнімнің аты, жасалған күні, қоймаға түскен күні бар, жауапты адамның қолы қойылған арнайы контейнерлерде сақтау керек. Дайын өнім тиісті таңба жасалған орамада контейнерлерде немесе стеллаждарда сақталуы керек; 12) қоймада үй-жайдағы температураға, ылғалдылыққа жүйелі түрде бақылау және ветеринариялық өнімнің орнын ауыстыруын есепке алу, сондай-ақ үй-жайды тазалау мен өңдеу жүргізіліп отыруы тиіс; 13) ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) жөніндегі басшылықтарда көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі | Өрескел |
215 | Дезинфекциялық тосқауылсыз өндіріс аумағына көліктің кіруіне/шығуына жол бермеу жөніндегі талапты сақтау | Өрескел |
216 | Үй-жайларды жиып сыпыру мен залалсыздандыруды жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілу жөніндегі талаптарды сақтау | Өрескел |
217 | Үй-жайларды пайдалану барысында оған жәндіктердің немесе жануарлардың кірмеуі үшін қорғанысты қамтамасыз ету талабын сақтау | Болмашы |
218 | Өндірістік аймақта: 1) сенсибилизациялаушы заттарды (антибиотиктер немесе биологиялық синтездің басқа да заттары) немесе биологиялық ветеринариялық препараттарды (тірі микроорганизмдерден алынған) өндіру барысында қиылысты контаминациядан туындайтын адамдардың денсаулығына төнетін қауіпті барынша азайту үшін арнайы және оқшауланған техникалық құралдар (үй-жай, әжетхана, ол өндіріс жайына жақын болмауы керек), жабдықтар, қызмет көрсету құралдары болуы керек; 2) бір үй-жайда антибиотиктерді, гормондарды, цитотоксиндерді, қатты әсер ететін дәрілік заттар мен басқа өнімдерді өндіруге жол берілмейді. Егер өндіріс циклы арнайы сақтық шараларын сақтай отырып уақытпен бөлінсе және қажетті аттестация (сынақ) жүргізілсе, айрықша жағдайда аталған препараттарды бір үй-жайда өндіруге рұқсат беріледі; 3) ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмейді; 4) үй-жайдың жобасы өндірістік операциялардың логикалық сабақтастығына сәйкес болуы керек және тазалық талаптарын орындауды қамтамасыз етуі керек; 5) жұмыс істеу аймақтары мен өндіріс ішіндегі сақтау аймақтарының жобасы жабдық пен материалдарды бірізді және логикалық түрде орналастыруды, ветеринариялық препараттар мен олардың компоненттерін ауыстырып алу қаупі барынша аз болуы керек, қандай да бір өндіру немесе бақылау операциясын жіберіп алу немесе ауыстырып алу жағдайын болдырмайтындай болуы керек; 6) қоршаған орта бастапқы және соңғы орау материалдарына әсер еткен жағдайда, аралық немесе өлшеп салынбаған өнім, үй-жайдың ішкі беттері (қабырға, еден, төбе) тегіс болуы керек және төбеде жарық-тесік болмауы керек, олар ластайтын агенттер бөлмеуі керек және бөгетсіз тиімді жинап сыпыру жүргізуді, қажет болған жағдайда залалсыздандыруды жүргізуді қамтамасыз ететін болуы керек; 7) құбырлардың, жарық беру аспаптарының, желдеткіш жабдықтардың конструкциясы және орналасуы тазалауға ыңғайлы болатындай қол жететін жерде болуы керек. Оларға қызмет көрсету жұмыстары өндірістік үй-жайдың сыртында жүргізіледі; 8) ағын су құбыры (кәріз) тиісті көлемде болуы керек және судың кері кетуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы керек. Ашық науаны пайдаланбау керек. Қажет болған жағдайда тазалау мен залалсыздандыру жұмысын жүргізуге ыңғайлы болуы үшін терең болмауы тиіс; 9) өндірістік аймақтарды ауаны бақылау құрылғылары бар (талап етілетін температураны, қажет болғанда ылғалды беру және оны сүзетін) тиімді желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек; 10) бастапқы материалдарды өлшеу жұмысын арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізу керек; 11) шаң шығатын (сынама алу барысында, өлшеу, араластыру, өндіріс операциялары мен құрғақ өнімдерді орау) жұмыстар барысында қиылысты ластанудың алдын алу жөніндегі шараларды және тазалау шараларын қарастыру керек; 12) ветеринариялық препараттарды орау орындарын жобалау барысында алмастырып қоюды, материалдар мен өнімдердің қиылысқан ластануларын болдырмайтын шараларды көздеу керек; 13) өндірістік үй-жайлар, әсіресе көру арқылы операциялық бақылау өткізу орындары жақсы жарықтануы керек; 14) өндірістік үй-жайлардың барлығы герметикалық терезелермен және есіктермен жабдықталады (өндірістік үй-жайларда терезелердің болмауына рұқсат етіледі); 16) технологиялық операциялардың сипатына сәйкес үй-жайлар (әсіресе, стерильді бокстер мен бокс алдындағы бөлмелер) бактерицидті лампалармен жабдықталады; | Өрескел |
219 | Талап етілетін сападағы өнім алу мақсатында технологиялық операцияларды өндірістік нұсқаулықтарға, нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына және Қағидаларға сәйкес орындау | Елеулі |
220 | Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған жабдықтар мен үй-жайлар өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімдерді дайындауға жол берілмейді | Елеулі |
221 | Қолданылу мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе алғашқы орама жасау материалдарын хаттама рәсімдей отырып жою талаптарын сақтау | Елеулі |
222 | Өндірістік бақылау бөлімшесінің дайын өнімнің нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі туралы зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін, дайын өнімдерді дайын өнім қоймасында сақтау | Елеулі |
223 | Ветеринариялық препараттарды өндіру барысындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды сақтау мыналарды қамтиды: 1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарын (бұдан әрі – талаптар) ескере отырып ветеринариялық препараттар өндіріледі; 2) ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарда және нұсқаулықтарда белгіленген және жазылған өндіру мен оның сапасын бақылау жөніндегі барлық рәсімдер осы талаптардың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нұсқамаларына сәйкес келеді; 3) барлық жұмысшының жауапкершілігі мен міндеттері нақты белгіленген; 4) тиісті шикізатты және орау материалдарын өндіру, жеткізу және пайдалану жөніндегі барлық іс-шаралар жұзеге асырылған; 5) бастапқы шикізатқа, орау материалдарына, аралық және дайын өнімге қажетті бақылау, өндірісті бақылау және өндірістің әрбір процесіне валидация жүргізілген; 6) дайын өнімді өндіру мен оны бақылау жұмысы бекітілген нұсқаулыққа (әдістемелерге) сәйкес жүргізіледі; 7) ветеринариялық препараттарға өнімнің әрбір сериясы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес шығарылғанын және тексерілгенін растайтын сертификат беріледі; 8) қолданыстағы шаралар жүйесі ветеринариялық препараттарды сақтау мен көліктен түсіру және кейінгі айналыс мерзімі кезінде олардың сапасын қамтамасыз етеді; 9) сапаға өзіндік инспекциялау және/немесе аудит жүргізу тәртібі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді | Өрескел |
224 | Ветеринариялық препараттарды жою сақталу мерзімі өтіп кеткеннен кейін жүргізіледі | Елеулі |
13. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдірін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін | ||
225 | Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы | Өрескел |
226 | Өңірлендіруге сәйкес ауыл шаруашылығы және үй жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан, сондай-ақ соңғы 3 айда шаруашылық аумағында америкалық шірімеден, еуропалық шірімеден, нематоздан таза әкімшілік аумақта орналасқан бал ара шаруашылықтарынан (омарталардан) табиғи бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жіберу | Өрескел |
227 | Мыналарды: 1) өзгерген органолептикалық және физикалық- химиялық көрсеткіштері бар; 2) құрамында табиғи немесе синтетикалық эстрогенді гормондық заттары, тиреостатикалық препараттары бар балды және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жібермеу | Өрескел |
228 | Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерінде араны емдеу және өңдеу үшін қолданылған басқада дәрілік препараттардың қалдық құрамдарына жол берілмейді | Елеулі |
229 | Өндіруші бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін жинау барысында барлық пестицидтерді көрсетуі | Елеулі |
230 | Көшпелі омарталарды бал жинау көздерінен бір бірінен кемінде бір жарым километр және тұрақты омартадан үш километр қашықтықта орналастыру | Елеулі |
231 | Омарталардың тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшін онда омарталық үйшiктердi (көшпендi дүңгiршектер) орналастыру, жеке гигиена мен дезинфекциялау (сутегi тотығы және басқалары) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз ету, дезинфекциялау алаңқайларымен, жабық шұңқырмен (сарқынды суға арналған), омарташыға арналған дәретхана жайларымен жабдықтау | Өрескел |
»
14, 15 және 16-тараулар алынып тасталсын;
осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшадағы Ветеринария саласындағы тексеру парағына:
12-тарауға мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын::
«
213-1 | Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органында ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы |
|
|
|
|
213-2 | Емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғаларда: 1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі; 2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар); 3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті |
|
|
|
|
213-3 | Дайындаушы ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, белгiлеген ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау талаптарын сақтау |
|
|
|
|
»
мынадай мазмұндағы 17, 18 және 19-тараумен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы реттік номердегі жолдармен толықтырылсын:
«
17. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін | |||||
231 | Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы |
|
|
|
|
232 | Ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды өткiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың: 1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі; 2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар); 3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті. |
|
|
|
|
233 | Жиып қою аймағында: 1) әртүрлі санаттағы материалдар мен өнімдерді (бастапқы шикізат және орайтын материалдары; аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнімдер; карантиндегі өнім; шығаруға рұқсат берілген, қайтарылған немесе қайтарылып алынған, алудан бас тартқан өнімдерді) тиісті түрде сақтауды қамтамасыз ету үшін оның жеткілікті түрде сыйымдылығын көздейді; 2) жиып қою аймағын жобалау мен ұйымдастыру барысында тиісті сақтау талаптарын көздеу қажет. Жиып қою аймағы таза және құрғақ болуы керек, онда қажетті температуралық режим қамтамасыз етілуі қажет. Қажет болған жағдайда арнайы сақтау жағдайларын (температура, ауа ылғалдығы) және оларды бақылауды қамтамасыз ету керек; 3) материалдар мен өнімдерді қабылдау мен беру аймақтарында олардың ауа райының қолайсыздығынан қорғалуы қамтамасыз етілуі қажет. Қабылдау аймағының жобасы келіп түскен материалды жиып қоюдан бұрын оларды тазалауға мүмкіндік беретін болуы керек; 4) егер карантин режимі өнімдерді бөлек аймақтарда сақтау арқылы жүргізілетін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі керек. Оған кіруге тек құқығы бар адамдарға ғана рұқсат етілуі тиіс. Физикалық бөлуді алмастыратын кез-келген басқа жүйе балама қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет; 5) бастапқы материалдан сынаманы алу жұмысы жекелеген аймақта жүргізіледі. Сынаманы қойма аумағында алу барысында тікелей және қиылысқан ластанудың алдын алу шаралары қабылдануы тиіс; 6) ақауы бар, қайтарылып алынған немесе қайтарып берілген материалдарды сақтау үшін оқшауланған аймақ көзделуі тиіс; 7) қатты әсері бар заттар мен препараттар қауіпсіз және күзетілетін үй-жайларда сақталуы керек; 8) ветеринариялық препараттың сәйкестігін растаудағы маңызды рөліне байланысты таңбаланған орама материалдарының қауіпсіз және сенімді сақталуы қамтамасыз етілуі керек; 9) ветеринариялық препараттың әрбір түрі жеке камерада сақталуға тиіс; 10) ондай мүмкіндік болмаған жағдайда әрбір ветеринариялық препаратқа жалпы камерадан жеке стеллаж көзделуі керек; 11) жартылай фабрикаттарды, жекелеген ингредиенттерді анық көрінетін таңбасы - өнімнің аты, жасалған күні, қоймаға түскен күні бар, жауапты адамның қолы қойылған арнайы контейнерлерде сақтау керек. Дайын өнім тиісті таңба жасалған орамада контейнерлерде немесе стеллаждарда сақталуы керек; 12) қоймада үй-жайдағы температураға, ылғалдылыққа жүйелі түрде бақылау және ветеринариялық өнімнің орнын ауыстыруын есепке алу, сондай-ақ үй-жайды тазалау мен өңдеу жүргізіліп отыруы тиіс; 13) ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) жөніндегі басшылықтарда көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі |
|
|
|
|
234 | Дезинфекциялық тосқауылсыз өндіріс аумағына көліктің кіруіне/шығуына жол бермеу жөніндегі талапты сақтау |
|
|
|
|
235 | Үй-жайларды жиып сыпыру мен залалсыздандыруды жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілу жөніндегі талаптарды сақтау |
|
|
|
|
236 | Үй-жайларды пайдалану барысында оған жәндіктердің немесе жануарлардың кірмеуі үшін қорғанысты қамтамасыз ету талабын сақтау |
|
|
|
|
237 | Өндірістік аймақта: 1) сенсибилизациялаушы заттарды (антибиотиктер немесе биологиялық синтездің басқа да заттары) немесе биологиялық ветеринариялық препараттарды (тірі микроорганизмдерден алынған) өндіру барысында қиылысты контаминациядан туындайтын адамдардың денсаулығына төнетін қауіпті барынша азайту үшін арнайы және оқшауланған техникалық құралдар (үй-жай, әжетхана, ол өндіріс жайына жақын болмауы керек), жабдықтар, қызмет көрсету құралдары болуы керек; 2) бір үй-жайда антибиотиктерді, гормондарды, цитотоксиндерді, қатты әсер ететін дәрілік заттар мен басқа өнімдерді өндіруге жол берілмейді. Егер өндіріс циклы арнайы сақтық шараларын сақтай отырып уақытпен бөлінсе және қажетті аттестация (сынақ) жүргізілсе, айрықша жағдайда аталған препараттарды бір үй-жайда өндіруге рұқсат беріледі; 3) ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмейді; 4) үй-жайдың жобасы өндірістік операциялардың логикалық сабақтастығына сәйкес болуы керек және тазалық талаптарын орындауды қамтамасыз етуі керек; 5) жұмыс істеу аймақтары мен өндіріс ішіндегі сақтау аймақтарының жобасы жабдық пен материалдарды бірізді және логикалық түрде орналастыруды, ветеринариялық препараттар мен олардың компоненттерін ауыстырып алу қаупі барынша аз болуы керек, қандай да бір өндіру немесе бақылау операциясын жіберіп алу немесе ауыстырып алу жағдайын болдырмайтындай болуы керек; 6) қоршаған орта бастапқы және соңғы орау материалдарына әсер еткен жағдайда, аралық немесе өлшеп салынбаған өнім, үй-жайдың ішкі беттері (қабырға, еден, төбе) тегіс болуы керек және төбеде жарық-тесік болмауы керек, олар ластайтын агенттер бөлмеуі керек және бөгетсіз тиімді жинап сыпыру жүргізуді, қажет болған жағдайда залалсыздандыруды жүргізуді қамтамасыз ететін болуы керек; 7) құбырлардың, жарық беру аспаптарының, желдеткіш жабдықтардың конструкциясы және орналасуы тазалауға ыңғайлы болатындай қол жететін жерде болуы керек. Оларға қызмет көрсету жұмыстары өндірістік үй-жайдың сыртында жүргізіледі; 8) ағын су құбыры (кәріз) тиісті көлемде болуы керек және судың кері кетуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы керек. Ашық науаны пайдаланбау керек. Қажет болған жағдайда тазалау мен залалсыздандыру жұмысын жүргізуге ыңғайлы болуы үшін терең болмауы тиіс; 9) өндірістік аймақтарды ауаны бақылау құрылғылары бар (талап етілетін температураны, қажет болғанда ылғалды беру және оны сүзетін) тиімді желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек; 10) бастапқы материалдарды өлшеу жұмысын арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізу керек; 11) шаң шығатын (сынама алу барысында, өлшеу, араластыру, өндіріс операциялары мен құрғақ өнімдерді орау) жұмыстар барысында қиылысты ластанудың алдын алу жөніндегі шараларды және тазалау шараларын қарастыру керек; 12) ветеринариялық препараттарды орау орындарын жобалау барысында алмастырып қоюды, материалдар мен өнімдердің қиылысқан ластануларын болдырмайтын шараларды көздеу керек; 13) өндірістік үй-жайлар, әсіресе көру арқылы операциялық бақылау өткізу орындары жақсы жарықтануы керек; 14) өндіріс орнында (залалсыздандыру жұмысын жүргізетін боксты қоса алғанда) ауа ағымын соратын желдеткіш болу керек. Бұл мақсатқа арнайы залалсыздандыру сүзгілері пайдаланылады. Сағатына 36-50 текше метр ауа жүктемесі кезінде 1 шаршы метр сүзгі бетіне микробты денелер бойынша «секіріп өту» коэффициенті кемінде 0,001-0,005 %. Ауа алмасу, үй-жайдың ерекшелігі мен қай мақсатта пайдаланылуына байланысты еселігі сағатына 3 тен 15 текше метрге дейін; 15) өндірістік үй-жайлардың барлығы герметикалық терезелермен және есіктермен жабдықталады (өндірістік үй-жайларда терезелердің болмауына рұқсат етіледі); 16) технологиялық операциялардың сипатына сәйкес үй-жайлар (әсіресе, стерильді бокстер мен бокс алдындағы бөлмелер) бактерицидті лампалармен жабдықталады; 17) өндірістік үй-жайлар (бокс алдындағы бөлмелерді қоса алғанда) ыстық және суық сумен, қажет болған жағдайда сору шкафтарымен қамтамасыз етіледі. Автоклав орнын жуу орнымен біріктіруге сондай-ақ қоректік орта, ерітінділер мен құралдарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін «кір» және «таза» автоклавтарды біріктіруге жол берілмейді; 18) барлық өндірістік, әкімшілік және қосалқы ғимараттар, мекеменің құрылыстары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, алғашқы медициналық көмекпен (медициналық қобдиша) және инфекциялық материалдан болған апатты жою үшін пайдаланылатын апаттық пакетпен (халат, қолғап, қалақ, мақта, залалсыздандыру ерітіндісі бар) жабдықталады |
|
|
|
|
238 | Талап етілетін сападағы өнім алу мақсатында технологиялық операцияларды өндірістік нұсқаулықтарға, нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына және Қағидаларға сәйкес орындау |
|
|
|
|
239 | Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған жабдықтар мен үй-жайлар өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімдерді дайындауға жол берілмейді |
|
|
|
|
240 | Қолданылу мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе алғашқы орама жасау материалдарын хаттама рәсімдей отырып жою талаптарын сақтау |
|
|
|
|
241 | Өндірістік бақылау бөлімшесінің дайын өнімнің нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі туралы зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін, дайын өнімдерді дайын өнім қоймасында сақтау |
|
|
|
|
242 | Ветеринариялық препараттарды өндіру барысындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды сақтау мыналарды қамтиды: 1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарын (бұдан әрі – талаптар) ескере отырып ветеринариялық препараттар өндіріледі; 2) ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарда және нұсқаулықтарда белгіленген және жазылған өндіру мен оның сапасын бақылау жөніндегі барлық рәсімдер осы талаптардың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нұсқамаларына сәйкес келеді; 3) барлық жұмысшының жауапкершілігі мен міндеттері нақты белгіленген; 4) тиісті шикізатты және орау материалдарын өндіру, жеткізу және пайдалану жөніндегі барлық іс-шаралар жұзеге асырылған; 5) бастапқы шикізатқа, орау материалдарына, аралық және дайын өнімге қажетті бақылау, өндірісті бақылау және өндірістің әрбір процесіне валидация жүргізілген; 6) дайын өнімді өндіру мен оны бақылау жұмысы бекітілген нұсқаулыққа (әдістемелерге) сәйкес жүргізіледі; 7) ветеринариялық препараттарға өнімнің әрбір сериясы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес шығарылғанын және тексерілгенін растайтын сертификат беріледі; 8) қолданыстағы шаралар жүйесі ветеринариялық препараттарды сақтау мен көліктен түсіру және кейінгі айналыс мерзімі кезінде олардың сапасын қамтамасыз етеді; 9) сапаға өзіндік инспекциялау және/немесе аудит жүргізу тәртібі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді |
|
|
|
|
243 | Ветеринариялық препараттарды жою сақталу мерзімі өтіп кеткеннен кейін жүргізіледі |
|
|
|
|
18. Бал және бал ара шаруашылығы өнімдірін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін | |||||
244 | Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын объектінің есептік нөмірінің болуы |
|
|
|
|
245 | Өңірлендіруге сәйкес ауыл шаруашылығы және үй жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларынан, сондай-ақ соңғы 3 айда шаруашылық аумағында америкалық шірімеден, еуропалық шірімеден, нематоздан таза әкімшілік аумақта орналасқан бал ара шаруашылықтарынан (омарталардан) табиғи бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жіберу |
|
|
|
|
246 | Мыналарды: 1) өзгерген органолептикалық және физикалық- химиялық көрсеткіштері бар; 2) құрамында табиғи немесе синтетикалық эстрогенді гормондық заттары, тиреостатикалық препараттары бар балды және бал ара шаруашылығы өнімдерін айналымға жібермеу |
|
|
|
|
247 | Бал және бал ара шаруашылығы өнімдерінде араны емдеу және өңдеу үшін қолданылған басқада дәрілік препараттардың қалдық құрамдарына жол берілмейді |
|
|
|
|
248 | Өндіруші бал және бал ара шаруашылығы өнімдерін жинау барысында барлық пестицидтерді көрсетуі |
|
|
|
|
249 | Көшпелі омарталарды бал жинау көздерінен бір бірінен кемінде бір жарым километр және тұрақты омартадан үш километр қашықтықта орналастыру |
|
|
|
|
250 | Омарталардың тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшін онда омарталық үйшiктердi (көшпендi дүңгiршектер) орналастыру, жеке гигиена мен дезинфекциялау (сутегi тотығы және басқалары) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз ету, дезинфекциялау алаңқайларымен, жабық шұңқырмен (сарқынды суға арналған), омарташыға арналған дәретхана жайларымен жабдықтау |
|
|
|
|
»
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _____________ А. Мамытбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы __________________С. Айтпаева 2016 жылғы «_____» ___________
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы ________________ № ________ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы _______________ № ______ бірлескен бұйрығына анықтама-негіздеме
Құқықтық қамтамасыз ету департамент директоры Ә. Жеңісов