1. «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзіліміне сортты енгiзу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз жеткізгіштегі қорытындысы.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемкомиссияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен материалдар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа жарамдылығын сынауға өтiнiш, екі данада;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынақ өткiзу кезiнде – топырақ-климаттық параметрлері бойынша ұсынылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
3) ғылыми ұйымдар үшін – селекциялық жетістікті шаруашылыққа жарамдылығы тұрғысынан мемлекеттік сынаққа беру туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме, бір данада;
4) селекциялық жетістік сауалнамасы, екі данада (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша);
5) тиісті тектері мен түрлеріне арналған нысан бойынша селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
6) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану сатысында жақсы дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар ақ фонда түсірілген суреттері (сурет өлшемі 9 х 12 сантиметр немесе 13х18 сантиметр);
7) сортқа технологиялық анықтама;
8) өтінім беруге құқықты растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
9) генетикалық түрлендірілген объектілердің (шетелдік селекциядағы сорттар үшін) құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері;
10) құрамында есірткі заттарының болмауы туралы жүргізілген сараптама нәтижелері (сора, көкнәр үшін);
11) тұқымдық және отырғызылатын материалдың үлгiлерi.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемкомиссияға тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау Мемкомиссияның кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады»;
осы көрсетілген стандартқа қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылдың 2 маусымынан ерте емес.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі ________________ Ж. Қасымбек 2016 жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы № бұйрығына қосымша
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы) | Өтiнiм нөмiрi
Тiркелген күнi
|
Селекциялық жетістікті шаруашылықта пайдалылығына сынауға арналған өтініш
Өтiнiш берушi(лер) _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) , заңды тұлғаның атауы және мекенжайы) _____________________________________________________________________ Азаматтығы __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Хат алмасу мекенжайы _____________________________________________________________________ Телефон__________ Электрондық мекенжайы ___________ ____________________________________________________________________ Тек, түр (орысша атауы) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Селекциялық нөмiрi _____________________________________________________________________ Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса | |||||||
Тегi | Аты | Әкесiнiң аты | Үйiнiң мекенжайы | Қатысу үлесi, % | |||
| | | | | |||
| | | | | |||
Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ | |||||||
Алдыңғы өтiнiмдер | Тiркелген | Өтiнiм нөмiрi | Кезеңі | Қандай а тау мен | |||
елі | күнi | ||||||
Қорғауды беруге | | | | | |||
шаруашылықта пайдалылығына сынауға жiберу ге | | | | | |||
Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы с ортты бiлдiретiнiн және осы өтiнi мг е сәйкес екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз) | |||||||
Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары | |||||||
Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз) Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша осы өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiшке және қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкi және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз). Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың сәйкес іріктелгенін растаймын(мыз). Мен (бiз) тiркеу сынақтарын және Мемкомиссия мен оның инспектураларының рұқсат қағаздары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сортты сақтауға эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн. Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары) ______________ ______________ ____________________ _________________________ ____________________ _________________________ Мөр орны (бар болған жағдайда)_____________ __________________ |
«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директоры Ә. Жеңісов