Близость слов: Окончание:





«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 11067 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
__________Н.Айдапкелов
2016 жылғы  « ___» __________
Қазакстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 сәуірде
№ 285 бұйрығымен бекітілген
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары
1. Осы Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi