Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
"Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 наурызда № 13536 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
«4) 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде.»;
«5) рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау.»;
«Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде жіберіледі;»;
«4) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкерімен рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау - 4 (төрт) сағат ішінде.»;
«4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау»;
«9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
Полная версия
ИС BestProfi