Близость слов: Окончание:





«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 30 мамырда Минскте және 2014 жылғы 21 қарашада Ашхабадта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамалар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатындар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы  2009 жылғы 20 қарашадағы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалған тізбесіне (Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын, тауардың шығу елін айқындау Ережелеріне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
СЭҚ ТН коды мен «8415» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
 

8415

Ылғалдылық жеке реттелмейтiн ауа баптағыштарды қоса алғанда, қозғалтқышы бар және температура мен ауаның ылғалдылығын өзгертуге арналған желдеткiшпен жабдықталған ауаны баптауға арналған қондырғылар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау:

- корпусты дайындау, электр өткiзгiш элементтерiн дайындау;

- блоктарды құрастыру және монтаж;

- конструкциясында хладагент құю көзделмеген және/немесе құю монтаждау кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, хладагент толтыру;

- параметрлерiн реттеу және бақылау

СЭҚ ТН коды мен «8702-8704» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
 

8702-8704-тен

іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату;

- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;

- трансмиссияны орнату;

- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- майшамдардан, от алдыру орауыштарынан және жоғары вольтты сымдардан басқа от алдыру жүйесін орнату (ұшқынмен от алатын іштен жану қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдары үшін);

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- дыбыс тұншықтырғышты және газ шығаратын түтіктің бөліктерін орнату;

- отын багын және отын түтіктерін орнату;

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа электр жетектерін орнату;

- аккумуляторды орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8702-8704-тен

электр жетек және гибридті қуат қондырғылары қозғалысқа түсіретін жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары

Пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату (гибридті қуат агрегаттары үшін);

- тартқыш электр машиналарды орнату (генераторлар, электр қозғалтқыштар);

- қосалқы жабдықты, оның ішінде моторлы көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерін орнату;

- трансмиссияны орнату;

- алдыңғы және артқы аспаларды орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- энергияны жинақтаушы блоктарды орнату (тартқыш аккумулятор батареялары немесе суперконденсаторлар);

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- радиобөгеуілдер деңгейін және электромагниттік үйлесімділік нормаларын тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

8704-тен

жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары (форвардер үлгісі)

Пайдаланылатын материалдардың құны дайын өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау:

- шанақты (кабинаны) жасау кезінде дәнекерлеу операцияларын көздемейтін технологияларды қолданған жағдайда шанақты (кабинаны) дәнекерлеу немесе шанақты (кабинаны) өзге тәсілмен дәнекерлеу немесе жасау;

- шанақты (кабинаны) бояу;

- қозғалтқышты орнату;

- қосалқы жабдықты орнату, оның ішінде моторлы көлік-құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік, жылыту және салқындатқыш жүйелерді орнату;

- трансмиссияны орнату;

- доңғалақтарды орнату;

- рульдік басқаруды және тежегіш жүйесін орнату;

- интерьер және экстерьер элементтерін орнату;

- фараларды, алдыңғы және артқы сигнал беретін шамдарды орнату;

- дыбыс тұншықтырғышты және пайдаланылған газды шығаратын құбыр секцияларын орнату;

- отын багын және отын өткізгіш құбырды орнату;

- моторлы көлік құралдарын дайындау кезінде пайдаланылатын, автоқұрауыштардың ажырамас бөлігі болып табылатын жетектерден басқа, электр жетектерін орнату;

- аккумуляторды орнату;

- борттың электр тізбектерін монтаждау;

- диагностика және қозғалтқышты реттеу;

- тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

- моторлы көлік құралына сәйкестендіру нөмірін салу;

- дайын моторлы көлік құралын бақылау сынақтарынан өткізу

Полная версия
ИС BestProfi