Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бүйрықтарының тізбесі осы бүйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы тіркелген бүйрықты алган күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік қүқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық қүқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына баспа және электрондық түрде бір данада мемлекеттік және ресми тілдерде жолдауды;
4) осы бүйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бүйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жүмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) жэне 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне үсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккерге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2016 жылғы « »

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
¥лттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министірінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi