Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 491-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларында:
2-тармағының 11) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.»;
3, 4, 5, 6, 7, 8, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын, 30 мамырдан кешіктірмейтін мерзімде ведомствоға мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін ұсынады.
4. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйым ұсынған мемлекеттік резервтің одан әрі қолдануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесі негізінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ведомство басшысының бұйрығымен Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
1) ведомствоның басшысы немесе оның орынбасары (Комиссия төрағасы);
2) ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы немесе оның орынбасары/жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынып тасталған мемлекеттік органның өкілі (Комиссия төрағасының орынбасары);
3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілі;
Полная версия
ИС BestProfi