Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 880 «Атырау қаласының бас жоспары туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 880 «Атырау қаласының бас жоспары туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы №880 «Атырау қаласының бас жоспары туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау қаласының бас жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.  
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы № ___қаулысымен
бекітілген
Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспары
Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» заңдарының, Жер, Экологиялық кодекстер мен қала құрылысын жоспарлау саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспарды әзірлеу негізіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, Қазақстан Республикасы аумақтық даму министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №403 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының және басқа да Атырау қаласының дамуына қатысты мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың материалдары алынды.
Бас жоспарда келесідей жобалық кезеңдер қабылданған:
  

- құрылыстың бірінші кезеңі

-

2020 жылға дейін ;

- бас жоспардың есептік мерзімі

-

2030 жылға дейін ;

- болжамдық ( тұжырымдамалық ) кезең

-

2045 жылға дейін .

Қаланың бас жоспары Атырау қаласының аумақтық дамуының ұзақ мерзімді келешегін, сәулет-жоспарлау құрылымын, аумақтың функционалдық-қала құрылыстық аймаққа бөлінуін, жалпы қалалық мақсаттағы нысандардың орналасуы мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру бойынша түбегейлі шешімдерді, көше-жол желілері мен көлік қызметін дамытуды, инженерлік инфрақұрылымды, инженерлік қорғау және аумақты дайындау бойынша ұсыныстарды, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қала құрылысы шараларын анықтайды.
Бас жоспар келесідей әзірлемелерге негіз болып табылады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші кезектегі және келешектегі бағдарламалары;
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен қала аумағына құрылыс салу;  
Полная версия
ИС BestProfi