1.«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына 4-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.06.2016 жылғы № 159 Бұйрығымен (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 26.07.2017 жылғы № 113 Бұйрығына сәйкес (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.
Сараптама жүргізу мерзімі сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған жағдайда мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігі арқылы) қажетті қосымша материалдар мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салулар жолданған жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылады. Сараптама мерзімі ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ол туралы жазбаша хабарлайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – сараптама қорытындысы туралы хат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Полная версия