«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы
Редакция 17.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 жылғы № 619 Бұйрығымен (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 05.06.2017 жылғы № 367 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.07.2018 жылғы № 717 Бұйрығымен (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан РК министрінің 03.12.2019 жылғы № 1316 Бұйрығымен (16.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2019 жылғы № 428 Бұйрығымен (18.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 жылғы № 26 Бұйрығымен (31.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.07.2019 жылғы № 732 Бұйрығымен (06.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.07.2021 жылғы № 662 Бұйрығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.10.2021 жылғы № 1084 Бұйрығымен (19.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.03.2021 жылғы № 243 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы бірінші вице-министрінің 04.04.2022 жылғы № 363 Бұйрығымен (20.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.07.2022 жылғы № 697 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын салаларда жүзеге асырады:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.11.2022 жылғы № 1210 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) салықтық және кедендік әкімшілендіру;
2) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
3) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы;
4) Қазақстан Республикасының кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
5) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.03.2023 жылғы № 240 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6) қолданыстағы заңнамамен Комитет құзыретіне жатқызылған басқа да салаларда жүзеге асырады.
Полная версия