Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егемендi құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң жiгiн ажырату туралы КЕЛIСIМ (Мәскеу қ., 1998 жылғы 06 шілде)
ҚР 2002 жылғы 14 қарашадағы № 356 Заңымен бекітілді
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi кен көздерiн игеру жөнiндегi екi Тарап қызметiнiң құқықтық негiзiн жасаудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
Каспий теңiзiндегi өз егемендi құқықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Солтүстiк Каспий түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн тиiмдi пайдалануға байланысты мәселелердi өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық рухында реттеуге ұмтыла отырып,
аймақта болған геосаяси өзгерiстердi, Тараптардың арасындағы нығайып келе жатқан ынтымақтастық, тату көршiлiк және өзара түсiнiстiк ахуалын ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң қазiргi құқықтық режимi осы заманғы талаптарға жауап бермейтiнiн және Каспий жағалауы мемлекеттерiнiң өзара қарым-қатынастарын толық көлемде реттемейтiнiн еске ала отырып,
Каспий жағалауындағы мемлекеттердi олардың ортақ келiсiмi негiзiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияны тез арада жасауға шақыра отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн игеру және пайдалану барысында халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын, Тараптардың мүдделерiн басшылыққа ала отырып,
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау барысында Тараптардың оның акваториясында шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау аймақтарын орнату келiсiлген шектерде балық аулау аймақтарын, сондай-ақ ортақ пайдалану аймағының мүмкiндiгiн қарастыратынын түсiнушiлiктi негiзге ала отырып,
қазiргi және келешек ұрпақтың алдында Каспий теңiзiн және оның бiрегей экологиялық жүйесiнiң тұтастығын сақтау үшiн өз жауапкершiлiгiн жете түсiне отырып,
Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және қайта қалпына келтiрудегi қазiргi қорық аймақтарының маңызын ескере отырып,
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң минералдық ресурстары мен кен көздерiн барлау және игеру барысында бiрлескен ғылыми зерттеулердi жүргiзудiң маңызын және ерекше экологиялық талаптарды сақтаудың қажеттiлiгiн мойындай отырып,
әсер етудi бағалау процедурасын, экологиялық сараптаманы және бақылау жасауды қоса алғанда, экологиялық қауiпсiздiк жүйесiн жасауға деген бiркелкi көзқарастарды әзiрлеудiң қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып,
осы Келiсiммен Каспий теңiзi түбiнiң жiгiн ажыратудың биологиялық ресурстарға күшi жүрмейтiнiн негiзге ала отырып,
Каспий теңiзi құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөнiндегi қол жеткiзiлген екi жақты уағдаластықтарды еске ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1-БАП
Кеме қатынасының еркiндiгiн, балық аулаудың келiсiлген нормаларын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудi қоса алғанда, ортақ пайдалану барысында судың үстiңгi қабатының сақталуымен Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбi мен оның кен көздерiнiң ара жiгi Тараптар арасында әдiлеттiк принципiмен Тараптар уағдаластықтарының негiзiнде модификацияланған ортадағы сызық бойынша ажыратылады.
Модификацияланған ортадағы сызық келiсiлген негiзгi сызықтардан бiрдей қашықтыққа негiзделедi, оған негiзгi сызықтардан бiрдей қашықтықта тұрған болып табылмайтын учаскелер кiредi және аралдарды, геологиялық құрылымдарды ескерумен, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлар мен келтiрілген геологиялық шығындарды ескерумен анықталады.
Модификацияланған ортадағы сызықтың өтуi қазiргi аралдарды ескерумен Каспий теңiзiнiң 1998 жылғы 1-қаңтарға қарай Балтық жүйесi биiктiктерiнiң минус 27 метрлiк белгiсiне теңдей (Кронштадтық футштокқа қатысты) деңгейiн негiзге ала отырып, Тараптардың жағалауларындағы нүктелерден бастап есептеудiң көмегiмен анықталады.
Полная версия

