Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетiуге тыйым салуды енгiзу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6891 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі
2016 жылғы 22 маусымдағы
шығыс № 02-25/5246 хатқа қатысты
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетiуге тыйым салуды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлайды.
Жобаның 1-тармағындағы «1 қазаннан» сөздерін «1 қарашадан» сөздерімен ауыстыруды ұсынамыз. «Қазақстанның былғары шикізат және тері өндірушілер қауымдастығының» ЗТБ акпараты бойынша, ірі қара мал экспортына тыйым салуды 1 қарашадан бастап енгізудің қажеттілігі мен орындылығы қараша айынан басталатын мал сою мен ірі қара мал терісін дайындау өндірістік процестеріне байланысты.
Басқарма
төрағасының орынбасары Д. Жунусова
Полная версия
ИС BestProfi