Близость слов: Окончание:





«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 7029 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - ҰКП) «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Қаулы жобасының 18-1-тармағы бойынша аталған шаралар (көлік құралдары түріндегі қажетті жабдықтарды: су тасығыштар, балаларға арналған автобустар, арнайы техника сатып алу) жұмыспен қамту  мәселелерін тікелей шешпейді деп санаймыз, себебі іс жүзіндегі экономикалық өсуді ынталандырмайды және отандық өндіріс тауарларына сұраныстың артуын мен жұмыс орындарын құруға әсер етпейді.
ҰКП нақты экономикалық өсу мен жұмыс орындарын құру мақсатында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша  нақты іс-шараларға 30 млрд. теңге бағыттау қажет деп санайды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның төрағалығымен жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінде өткен кеңесте айтылған және қолдау тапқан ҰКП ұстанымын ескере отырып,  қаулы жобасы ҰКП келісілмейді.  
Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары Т. Шотанов
Полная версия
ИС BestProfi