Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 23 тамыздағы
 № 1080 қаулысымен
 бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысына сәйкес (13.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2016 жылы № 96 (28824) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
5) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
6) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;
7) мектепке дейінгі ұйымда балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау;
8) заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;
9) күн тәртібі – бұл баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;
10) үлгілік оқу жоспары – стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
Полная версия
ИС BestProfi