Близость слов: Окончание:





«Тағайындалған операторының өкілеттігін тағайындау туралы» және «Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін  және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын,нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 7356 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тағайындалған операторының өкілеттігін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар  министрінің бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
«Арнайы пошта байланыс қызметінің қызметкерлерін  және ұлттық пошта операторларының қызметкерлерін формалық киімдермен қамтамасыз ету үлгілерін, кию қағидаларын,нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығының жобасына қатысты келесіні хабарлаймыз.
1.	Формалық киім-кешек атауларын ҚР СТ 1.5-2013, 4.6 тарау, стандарт атауларына 4.6.8 тармақшасы, талаптарына сәйкес келтіру.
2.	Қолданылатын шикізат пен материалдарға техникалық талаптар көрсетілмеген.
3.	Тауар белгілерінің атауын (мысалға, рип-стоп және т.б.) алып тастау.  
  4. Техникалық сипаттаулар жоқ: Жоғары, аға және кіші құрамындағы үшін қара-көк түсті ұзын жеңді қалың тоқылған свитер, Жоғары құрамындағы үшін ерлерлердің плащы және аға құрамындағы үшін ерлерлердің плащы, Кіші құрамындағы үшін бушлат-күрте, Жейде, Футболка, Футболка-майка, Свитер-пуловер, Аяқ киім теріден және т.б. Әйелдер бұйымдарына сәйкесінше.   
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен артық емес мерзімде аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары Н. Әлтаев
Полная версия
ИС BestProfi