Близость слов: Окончание:





«Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 25 шілдедегі № 7584 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) бойынша келесіні хабарлайды.
1. «Өндірістік қуаттар теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - нұсқаулық) пайдаланылатын ұғымдарды біртекті түсіну және қолдану үшін 2-тармақ «кәсіпорын шығаратын өнімдердің орташа жылдық бағасы» ұғымының анықтамасымен толықтырылсын.
2. Нұсқаулықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіпорынның өндірістік қуатының теңгерімі –кәсіпорын қуатының шамасын, оның өзгеру факторларын және есепті жылы пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;
2) кәсіпорынның өндірістік қуаты - кәсіпорынның жыл ішінде өндіретін өнімін мүмкіндігіне қарай барынша шығаруы;
3) кәсіпорынның режимдік уақыты – бұл жоспарда қарастырылған кәсіпорынның жұмыс режиміне сәйкес жабдықтың жұмыс істеу уақыты аралығындағы сағат саны.»
Ұсынылған түзету оған қатысты осы ұғымдар қолданылатын тұлғаны біржақты айқындауға, яғни өндірістік қуат, өндірістік қуат теңгерімі кәсіпорынға қатысты есептелетінін түсінуге мүмкіндік береді.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Басқарма төрағасының
орынбасары Н. Әлтаев
Полная версия
ИС BestProfi