Близость слов: Окончание:





«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 7811 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мекенжайына  Қызылорда облысының жеміс өсірушілерінен  жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызуға және өсіруге субсидия алуға қатысты өтініштер келіп түсті.  
  Осылайша, «Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2014 жылғы № 1-1/277 бұйрығына (Өңiрлердi мамандандыру  схемасы) сәйкес Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жеміс ауыл шаруашылығын (алма мен жүзім) өндіру Өңірлерді   мамандандыру схемасына енгізілмеген.
  Сонымен қатар, жеміс-жидек дақылдары, нақты айтқанда алмалар Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында өсіріледі. Осылайша, өткен жылы тиісті мемлекеттік қолдауды талаптанатын шамамен 100 га жеміс дақылдары отырғызылған. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген өтінішті ескере отырып, Өңiрлердi мамандандыру схемасын қайта қарауды сұраймыз.    
Сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Басқарушы директор/
АӨК және тамақ өнеркәсібі
департаментінің директоры Р. Курманов
Полная версия
ИС BestProfi