Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
2. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 951 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 852-құжат).
1. Осы мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде норма шығармашылық қызметінде қолдануға арналған.
2. Заңдарда мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын олардың функциялары, сондай-ақ іске асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетілген:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, міндеттемелер мен жауапкершілігіне;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
3. Заңдарда алқалы шешімді талап ететін және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің функциялары; нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға орталық мемлекеттік органдардың жалпы құзыреті; жергілікті өкілді және атқарушы органдардың функциялары қамтылады.
4. Заңдарда реттелетін саладағы негізгі ережелер – тиісті саланы (аяны) реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, құзыреттері мен өкілеттіктері, сондай-ақ негізгі ұғымдар, қолданылу саласы, құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері, құқықты шектеу сипатындағы шаралар, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік, реттелетін саладағы шектеулер, заңнаманың сақталуын бақылау, мемлекет тарапынан қаржыландыру (қарыздарға кепілдік және кепілгерлік беру, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, субсидиялау) және өзге де аса маңызды ережелер белгіленеді.
5. Негізгі міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ішкі рәсімдерімен, олардың өзара іс-қимылымен байланысты, заңдардың негізгі ережелерін толық көрсетуге және іске асыруға бағытталған функциялар заңға тәуелді актілермен айқындалады.
Бұл ретте мемлекеттік органның заңға тәуелді деңгейдегі функциялары Президент, Үкімет және оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерде белгіленуге тиіс.
жеке және заңды тұлғалар қызметінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізу және бақылаудың өзге де нысандары арқылы заңнаманың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау, оларды жою;
12) тиісті салада тізілімдерді, тіркелімдер мен кадастрларды жүргізу, есепке алуды, бағалауды, талдауды, мониторингтеуді, базалар мен деректер банкін жүргізу бойынша мәселелерді реттеу;