Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 27.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 29 тамыздағы
 № 486 қаулысымен
 бекiтiлген
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысымен (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.08.2021 жылғы № 544 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүргізіледі.
1) жаңа конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
2) өзге де нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Осы Қағидаларда құқықтық мониторинг жүргізу мақсатында жаңа редакцияда қабылданған конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, сондай-ақ жаңадан қабылданған конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданған күнінен бастап бес жыл ішінде жаңа деп есептеледі.
Құқықтық мониторинг жүргізілуге жататын өзге нормативтік құқықтық актілер:
1) жаңа конституциялық заңдарды, кодекстерді, шоғырландырылған заңдарды, заңдарды қоспағанда, конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
Полная версия
ИС BestProfi