Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 625 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5502 болып енгізілді.
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 16 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.02.2018 ж. № 119 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабы 12) және 12-1) тарамақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер бекітілсін.
3-тармақша 01.01.2026 жылға дейін қолданыста болады ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығының 3-тармағына сәйкес
Осы Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 31.03.2017 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.05.2017 жылы № 15096 тіркелді
1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады;
2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.06.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. "Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында N 239(973) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы 20__ жылғы «__»_____ бастап 20__ жылғы «__»_____аралығындағы кезең үшін мәліметтер
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.06.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
*Мәліметтер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 581-бабы 12) тармақшасына сәйкес ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығына
2-қосымша
Осы Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
20__ жылғы «__»_____ бастап 20__ жылғы «__»_____ аралығындағы кезең үшін сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер*
*Мәліметтер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 581-бабы 12) тармақшасына сәйкес тексерілетін жеке тұлғалар бөлігінде бөлек ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығына
3-қосымша
Осы Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер*
*Мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-2 тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғалар бөлігінде бөлек ұсынылады.
Ескертпе: Осы қосымшаны толтыру кезінде 9 және 19-бағандарда мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуында көрсетілген күнгі сома қалдығы көрсетіледі.