Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 504 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
«4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының соңғы бес жылда Хирш индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде бес ғылыми мақаласы болуы тиіс. Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;»;
«8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі  түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;
10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;»;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі. ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді;
13) шекті балл – ғылымның басым бағытына бөлінген қаржыландыру көлемі аяқталатын МҒТС балы. Шекті балл ең жоғары балдан бастап, өтінімдердің «жоғарыдан төмен» сараланған тізіміндегі қаржыландырудың мәлімделген сомасын қосу арқылы анықталады.»;
«4. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (оның ішінде ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер) МҒТС объектілері болып табылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi