Близость слов: Окончание:





«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 8750 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. 2-қосымша «Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары» жаңа редакциясы бойынша.  
Мемлекеттік монополия субъектісі (бұдан әрі – ММС) қызметтерінің бағаларының жобасы «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесініңақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу» және «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған техникалық тапсырманың, инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу» 89 854 теңге и 44 753 теңге (ҚҚС ескерілмеген бағасы) тиісінше мөлшерде, ММС-те осы қызметке есептеу әдістемесінің жоқтығының себебінен, негізделмеген.
2. 3-қосымша «Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары» жаңа редакциясы бойынша.
«Ұялы байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру» және «Тіркелген байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры ресурстарына (бұдан әрі – АНОДҚ) қол жеткізуге рұқсат беру» қызметтеріне бағалар 8 743 722,32 теңге и 1 096 773,22 теңге (ҚҚС ескерілмеген бағасы) тиісінше мөлшерде, қызмет бағасын есептеу үшін барлық шығын көрсеткіштеріне жуығы дерлік көтермелі болғандықтан, негізделмеген.
АНОДҚ-ның бағдарламалық жасақтамасы (бұдан әрі – БЖ) мен жабдықтары автоматтық режимде жұмыс істейді және байланыс операторларының функционал бойынша АНОДҚ-ның БЖ-сы мен жабдықтарынан әлде қайда күрделірек БЖ-сімен және жабдықтарымен салыстыру, АНОДҚ-а емес көшірілген нөмірлер бойынша шақыруды бағдарлау ұялы байланыс операторларының көшірілген нөмірлерінің жергілікті дерекқорлары атқаратынын ескере отырып, оларды ұстауға ММС көрсеткендей бюджетті қажет етпейтіндігін көрсетеді. Ұялы байланыс операторларының бағалауы бойынша, АНОДҚ-ның БЖ-сы мен жабдықтарына операциялық қызмет көрсету ең көп дегенде 3-5 адамды (демалысты ескере) қажет етеді.
Қызмет көрсетуге шығындардың жиынтық сметасы бойынша ескертулер:
-	Бір инженердің жүктемесі автоматтық режимде пайдаланудағы АНОДҚ-ның белсенді жабдығының 1,7 бірлігін құрайды;
-	Штаттық кестеде қарастырылған 33 бірліктен 7 бірлігі әкімшілік қызметкерлер, яғни 21%;
-	Негізгі жабдықтар бойынша қызмет мерзімі жеделдетілген деп есептейміз, ол өз артынан ағымдағы шығындардың деңгейін көтерлеуіне әкеледі;
- 100 Мбит/с арнаны және қосымша сақтаулы арнаны жалдауда 30 Business trunk номерлерін қолданудағы қажеттілік тым көтермелі.  
ММС-пен ұсынылған көрсетілген қызметтердің сипатына сәйкес АНОДҚ-ы байланыс операторларына абоненттік нөмірлерді көшіру процесіне, нөмірлерді ұялы байланыс операторының бастапқы нөмірлерлік сыйымдылығына қайтаруға, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін абоненттік нөмірлердің қате көшірімін жою, абоненттік нөмірлерді көшіру процесін орындау кезінде байланыс операторларына сабағаттық техникалық және халыққа нөмірді көшіру мен ұялы байланыс операторына қатыстылығы бөлімінде ақпараттық қолдау көрсетеді. Көрсетілген қызметтер нөмірді көшіру тәртібін көрсетеді және де «АНОДҚ-ға қол жеткізуге рұқсат беру» қызметіне жатпайды, сондықтан да оларға баға жеке анықталуы керек.  
Іс жүзінде «АНОДҚ-ға қол жеткізуге рұқсат беру» қызметі автоматтық режимде тәулігіне 2 рет АНОДҚ-тан ұялы байланыс операторларының көшірілген нөмірлерінің жергілікті дерекқорларына ақпаратты қағытпалау жолымен жүзеге асырылады.  
Абоненттік нөмірді көшіру – ұялы байланыс операторлары, абонент және АНОДҚ операторы қатысушылары болатын ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет.
Осыған байланысты тіркелген байланыс операторына АНОДҚ-ға қол жеткізуге рұқсат беру қызметінің бағасы негізделмеген және әділетсіз деп есептейміз. Көрсетілген қаражат штатты оңтайландыружәне АНОДҚ-ты пайдалануға шығындарды қысқарту арқасында алуға болады.  
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен артық емес мерзімде аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары М. Әбенов
Полная версия
ИС BestProfi