«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14179 болып тіркелді
Редакция 08.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұрықты алған күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының номативтік құқықтык актілерінің этолондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығымен бекітілген
Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны
Үлгілік нысаны өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 13.07.2018 жылғы № 509 Бұйрығымен (28.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Үлгілік нысаны жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 504 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
_____________қаласы 20___ жылғы «___» ________
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) деп аталатын, __________________________ атынан _______________________ негізінде әрекет ететін __________________________, бірінші тараптан, бұдан әрі «Құрылыс салушы» деп аталатын, ________________________ атынан _________________негізінде әрекет ететін __________________________, екінші тараптан, және бұдан әрі «Уәкілетті компания» деп аталатын ____________________________________ негізінде әрекет ететін __________________________, үшінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп, ал жеке «Тарап» деп аталатындар, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына сәйкес мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Шарттың мәні
1. Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайы туындаған жағдайда, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша Уәкілетті компаниядан үлескерлерге үлестерді беруге міндеттенеді (бұдан әрі – Кепілдік).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.08.2025 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. _________ жоба бойынша (бұдан әрі – Жоба) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені жобасы бойынша, инженерлік желілерді, оның ішінде сыртқы жүйелерді және жабдықтарды салуды, көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешенін салуға бөлінген аумақтар шегінде абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, бірақ __________ мерзімнен кешіктірмей пайдалануға қабылдау бойынша Уәкілетті компанияның міндеттемелері Шарт объектісі болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.08.2025 жылғы № 315 Бұйрығына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Кепілдік берудің шарттары
Полная версия

