Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 11 қазандағы № 10412 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұдан бұрын «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) «Жер қазу жұмыстарын жүргізуге ордер беру» рәсімін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу бойынша ұсынысты бірнеше рет жолдаған болатын (2015 жылғы 13 қарашадағы № 13436, 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 14677, 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 758 хаттары).
Аталған рұқсат беру рәсімі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген рұқсаттар тізбесіне енгізілгенін атап өту қажет.
Жоғарыда көрсетілген рәсімді жүзеге асыру стандарттары мен регламенттерінің болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кедергілер және жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай тұғызады.
  ҰКП алғашқы жүгінген сәттен бастап 10 ай өтті, алайда рұқсат беру жүйесі және мемлекеттік қызметтерді дамыту саласындағы уәкілетті орган –                        ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан осы мәселені шешу бойынша әлі күнге шейін шаралар қабылданған жоқ.
Бір жылдан аса шешім таппай жатқан «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» рәсімі бойынша да ұқсас жағдай (ҰКП 2015 жылғы 20 мамырдағы № 5740 хаты).
Баяндалғанның негізінде заңнамадағы жоғарыда аталған кемшіліктерді алып тастамай, қаулы жобасын қабылдауды мақсатты емес деп санаймыз.
Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары Р. Жүрсінов
Полная версия
ИС BestProfi