Близость слов: Окончание:





«Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 11 қазандағы № 10416 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі - Қағидалар) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қағидалардың 11-тармағында оқу әдебиетін сараптамаға уақтылы ұсыну үшін кестені оқу әдебиетін әзірлеушілердің назарына жеткізу тетігі мен мерзімдерін көрсетуді ұсынамыз.
Осы Қағидалардың 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қағидалардың 15-тармағының үшінші абзацын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін сараптамадан өткізу кезінде макеттердің PDF форматындағы электрондық нұсқалары «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.».
Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес Қағидалардың 18-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Оқулық» орталығының сараптама қорытындысының ескертулеріне сәйкес өңдеуді талап ететін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды автор (авторлық ұжым) немесе баспа өңдеуден кейін Мемлекеттік корпорацияға қайта сараптама өткізуге сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жібереді. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды қайта сараптамадан өткізуге байланысты барлық шығыстар (тақырыптық жоспарға енгізілгендерден басқа) автор, авторлық ұжым немесе баспа есебінен өтеледі.
Екінші рет қайтарылған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқу басылымдары ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды.».
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес  дәлелді жауап беруді сұраймыз.
Басқарма мүшесі -
Басқарма төрағасының орынбасары М. Әбенов
Полная версия
ИС BestProfi