Близость слов: Окончание:





«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10495 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бұдан бұрын 11.10.2016 ж. шығ. № 10379 жолданған  хатқа Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясының «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасына берілген ескертуін/ұсынысын жолдаймыз.
Әзірлеуші ұсынып отырған инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінім нысанының  (бұдан әрі – бұйрық жобасына 1-қосымша) 11-тармағының редакциясына сүйенсек, инвестицияларға белгіленген активті пайдалануға енгізген күнге дейін, яғни артықшылықтар беруге арналған өтінім берілген жылға дейін келтірілген шығындар ғана жатқызылатын болады.  Бұл ретте кейінгі белгіленген активтерге салынған барлық инвестициялар көлемі алынып тасталады.
Сонымен қатар, әзірлеуші ұсынып отырған бұйрық жобасына 1-қосымшаның 11-тармағының редакциясы «инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінім берілген жылы белгіленген активті пайдалануға енгізген күнге дейін» деген сөздерге қатысты бірыңғай түсінілмеуі және екіұшты түсіндірілуі мүмкін.
Норма редакциясын дұрыс түсіндірмеуді болдырмау мақсатында бұйрық жобасына 1-қосымшаның 11-тармағын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Қосылған құнға салынатын салықты есептемей заңды тұлғаның белгіленген активтеріне салынатын инвестициялар көлемі (инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтініш беретін күнге дейін келтірілген, инвестициялық жобаға енгізілген белгіленген активтер бойынша (шикізат пен материалдарды қоса алғанда) шығындар және (немесе) болашақ кезеңдердің шығындары есепке алынады).».
Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрық жобасы әрі қарай қаралуға сараптамалық қорытындыға ескерту/ұсыныс ескеріп енгізілуі тиіс деп есептейміз.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19 бабының 4 тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қортындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қортындыны алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық палата кәсіпкерлерін келіспеуінің себебтерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Осыған байланысты жоғарыда айтылған ұсыныс бойынша келіспеушілік болған жағдайда, келіспеу себебтерін негіздемесі бар жазбаша жауап жіберуды сұраймыз.
Басқарма
төрағасының орынбасары Т. Шотанов
Полная версия
ИС BestProfi