Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары бекітілсін.
1.1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Осы Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізілді 01.01.2018 жылдан бастап)
1-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2017 жылғы № 506 Қаулысымен (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2018 жылғы № 463 Қаулысымен (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2018 жылғы № 455 Қаулысымен (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 804 Қаулысымен (24.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2020 жылғы № 136 Қаулысымен (04.12.2018ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2020 жылғы № 451 Қаулысымен (өзгерту 02.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Құқықтық актілер туралы» Заң) 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі – қаулылардың жобалары);
3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерiнің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының жобаларын әзірлеу, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын әзірлеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында айқындалады.
5. Құпиялылық белгілері немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының ерекшеліктері ескеріле отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қаулылардың жобаларын әзірлеу
6. Қаулылардың жобаларын әзірлеу Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актiлер, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актiлерi негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырылады.
7. Қаулылардың жобаларын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бастамалары немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысымен (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер қаулының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі қаулының жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс.
Қаулылардың жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Басшысының тапсырмасы бойынша Аппарат әзiрлеуi мүмкiн.
8. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады.
Қаулы жобаларын әзірлеуде әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
9. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеудің сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
10. Әзiрленген қаулылардың жобалары түсiндiрме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (қолданыстағы қаулыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда) бірге қазақ және орыс тiлдерiнде мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі, жария талқылау үшін нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталына, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 644 Қаулысына сәйкес (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Әлеуметтiк маңызы бар қаулы жобасы бойынша интернет-ресурста (веб-сайтта) қазақ және орыс тiлдерiнде, қажет болған жағдайда – өзге де тілдерде, баспасөз релизі қосымша орналастырылады.
Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасы деп адамның және тұтас қоғамның құқықтары мен мүдделерiн тікелей немесе жанама түрде қозғайтын қаулы жобасын түсiнген жөн.
13. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қаулы жобалары бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қажет.
14. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 19-бабының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңес) сараптамалық қорытындыларын алу қажет.
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде қаулы жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеу себептерін негіздеп жауап жібереді. Мұндай жауап қаулы қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82 және 83-баптарына сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
16. Іске асырылуы қоршаған ортаға келеңсіз әсер етуге әкеп соғуы мүмкін қаулылардың жобаларына міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
17. Қаулылардың жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі.
3-тарау. Қаулылардың жобаларын келісу
18. Қаулылардың жобалары заңнамада белгіленген құзыреттеріне орай мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖКАЖ) электрондық құжаттар нысанында келiсiледi, бұл ретте қаулы жобасын келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаулы жобасында қаралатын мәселелердің нысанасы негізге алына отырып, сондай-ақ қаулы жобасында мемлекеттiк органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгiленедi.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқаратын тұлғаның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды ЖКАЖ-да электрондық құжаттар нысанында орналастырады және ЖКАЖ арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
19-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әзірлеуші мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарламаны сараптама кеңестерге, қоғамдық кеңестерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
Қаулы жобасын қағаз түрінде қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, нормашығармашылық процестің жекелеген субъектілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларымен айқындалған тәртіппен электрондық құжаттың расталған қағаз нұсқасын келісуге жіберуге болады.
20. Аппаратқа енгізу алдында қаулылардың жобалары:
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен;
3) Ұлттық экономика министрлігімен келісілуге тиіс.
Әділет және (немесе) Ұлттық экономика және (немесе) Қаржы министрліктерімен қаулылардың жобаларын келісу міндеттілігі кадр мәселелері жөніндегі (мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау және босату бөлігінде), сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдарды құру немесе тарату мәселелері жөніндегі жобаларға қолданылмайды.
21. Қаулы жобасының мәтiнiне республикалық бюджет кiрiстерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкелетiн өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен қайта келiсудi және Республикалық бюджет комиссиясының оң хаттамалық шешiмiн алуды қажет етедi.
22. Мемлекеттік органдар Аппаратқа енгізетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған қаулылардың жобаларында мыналар қамтылуға тиіс:
22-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 жылғы № 735 Бұйрығымен (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 644 Қаулысымен (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2022 № 837 Қаулысымен (02.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ілеспе хат, оның ішінде келісуші мемлекеттік органдардың ескертулері көрсетілген;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнің регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлемі 2 (екі) беттен, ал күрделі мәселелер бойынша 3 (үш) беттен аспайтын түсіндірме жазба;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қолданыстағы құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасы бойынша Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың, оның ішінде туынды құқықтық актілердің тиісті дәлелді негіздемесімен бірге қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциялардың әрбір абзацқа қатысты салыстырма кестесі;
5) егер қаулы жобасы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасына түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс;
6) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер қаулы жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары.
Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасына түсіндірме жазбада келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;
7) қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға тиіс болса, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жобаны жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп;
8) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулылардың жобаларын қоспағанда, қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысы.
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Аппаратқа қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асырған тұлғаның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;
10) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;
11) егер жоба бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілсе, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.
Рdf форматында қалыптастырылатын келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларға міндеттерді жүктеу туралы (беру туралы) бұйрықтардан басқа, қаулылар жобаларының мазмұндық бөлігі docх форматында ғана қалыптастырылады және 6 файлдан аспауға тиіс. Өзге форматтарды пайдалануға, сондай-ақ құжаттың ұсынылатын электрондық нұсқаларын архивтеуге жол берілмейді.
23. Қаулы жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдармен оны алдын ала келісуді талап етпеуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартпауға тиіс.
24. Қаулы жобасын қарау қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға ЭЦҚ пайдалана отырып, ЖКАЖ-да жауап нұсқаларының бірін таңдайды:
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) қоса беріліп отырған ескертулермен келісілді;
3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тартуды дәлелді уәждеп, келісуден бас тарту туралы белгі қояды.
Қаулы жобасын ескертулермен келіскен кезде келісуші мемлекеттік орган ЖКАЖ-ға орын алған ескертулер бойынша дәлелді негіздемелерді салады.
25. Жобаларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерін қоспағанда, мемлекеттік органдар қаулылардың жобаларын (Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілердің жобаларын енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қаулы жобасы мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінде 5 (бес) жұмыс күнінен) артық келісуде болған және олар бойынша жауап ұсынылмаған жағдайда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілді» деп есептеледі.
26. Қаулы жобасын келісу кезінде мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара қолайлы шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етеді.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп ескертулерді ресімдейді, оларға мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалар қол қояды.
Ескертулер жоба Аппаратта тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мәселенің мәні бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін Премьер-Министрде немесе оның орынбасарларында өтетін кеңесте қаралады.
27. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысымен (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi