Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (29.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2017 жылғы № 506 Қаулысымен (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.03.2018 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2018 дылғы № 209 Қаулысымен
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2018 жылғы № 463 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 804 Қаулысымен (24.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысымен (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2020 жылғы № 136 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2020 жылғы № 451 Қаулысымен (өзгерту 02.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2021 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес (18.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (29.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген орталық және жергілікті органдар әзірлеуші мемлекеттік органдар болып табылады. Бұл ретте орталық органдар деп осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген актілерді қабылдайтын органдар түсініледі, ал жергілікті органдар деп мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары және әкімдер түсініледі.
2. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2022 жылғы № 1082 Қаулысына сәйкес (29.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу тәртібі
1-параграф. Нормативтік құқықтық актінің жобаларын әзірлеу тәртібі
3. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті Заңның 18-бабының 4-тармағын және 34-бабының 3-тармағын ескере отырып айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi