Близость слов: Окончание:





Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісім
 (Бурабай, 2015 жыл 16 қазан)
ҚР 08.07.2016 ж. 7-VI Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
қылмысқа қарсы іс-қимыл жасасуда ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдірудің қажеттілігін тани отырып,
қылмыстарды ашуда және қылмыстық істерді тергеп-тексеруде ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдіре отырып,
халықаралық құқықтың жалпы бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерін негізге ала отырып,
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:
«өзара байланысты қылмыстар» - екі немесе одан көп Тараптардың аумақтарында бір немесе бірнеше адам жасаған немесе олардың мүдделерін қозғайтын қылмыстар;
«Тараптардың орталық құзыретті органдары» - осы Келісімге және Тараптардың заңнамасына сәйкес бірлескен жедел-тергеу топтарын құру, олардың қызметін тоқтату және олардың басшыларын тағайындау туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
«Тараптардың құзыретті органдары» - Тараптардың заңнамасына сәйкес алдын ала тергеп-тексеруді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және олардың қызметі туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген органдар;
«бірлескен жедел-тергеу тобы» - Тараптардың құзыретті органдарының екі немесе одан көп ұлттық тергеу, жедел-тергеу топтарынан тұратын, Тараптардың орталық құзыретті органдарының келісуі бойынша құрылған топ;
«бірлескен жедел-тергеу тобының басшысы» - осы Келісімде айқындалған өкілеттіктер шегінде ұлттық тергеу, жедел-тергеу топтарының қызметін үйлестіру үшін Тараптардың орталық құзыретті органдары арасындағы келісу бойынша тағайындалатын лауазымды адам;
«өзара іс-қимыл жасаудың (қарым-қатынастың) оңайлатылған тәртібі» - бірлескен жедел-тергеу тобы мүшелерінің бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасауы (қарым-қатынасы).
Осы Келісімнің мақсаты дәлелдемелерді ұсыну не екі және одан көп Тараптың аумақтарында процестік әрекеттерді және (немесе) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қажеттілігімен ұштасқан, Тараптардың құзыретті органдарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша өзара байланысты қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру үшін Тараптардың аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру, олардың қызметі және қызметін тоқтату мәселелерін реттеу болып табылады.
1. Бірлескен жедел-тергеу топтарын құрудың, олардың қызметінің және қызметін тоқтатудың құқықтық негізін осы Келісім, Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да қолданылатын халықаралық шарттар және Тараптардың заңнамасы құрайды.
2. Бірлескен жедел-тергеу топтары Тараптардың құзыретті органдарының қылмыстарды ашудағы және қылмыстық істерді тергеп-тексерудегі ынтымақтастығының нысаны болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi