1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14288 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 66-ерекшелiкпен толықтырылсын:
"66 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:
102 "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 112 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"112 Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ-ның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының күрделі шығыстары";
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:
Полная версия

