Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 13 қазандағы
№ 589 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (бұдан әрі – МЭАҚ) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. МЭАҚ-ты жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) жүзеге асырады және ол экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына:
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;
2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;
5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
6) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі;
7) қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары;
Полная версия
ИС BestProfi