Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2022
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығы.
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14305 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі ;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.01.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығына сәйкес (28.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8778 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) санында жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 391 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8753 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға  жатады.

Министр полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 870 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы конкурстық тәртіппен ауыстырылатын лауазымдардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.01.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.03.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (12.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi