Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2018
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылы 2 құркүйектегі № 395 бұйрығы.
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қазанда № 14351 болып тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.11.2018 жылғы № 807 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2018 жылғы № 81 Бірлескен Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша мердігерге (қосалқы мердігерге) қатысты тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс субъектілері бойынша бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы объектілер салу жобаларын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиаттар бойынша тексеру парағы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарына қатысты тексеру парағы бекітілсін;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларына қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi