Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
2016 жылғы 13 қазандағы
№ 10 бұйрығына 14-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 07.08.2018 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже күшін жойды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.07.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 07.08.2018 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тоқаш Бокин көшесі, 1 В.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 07.08.2018 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 07.08.2018 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;