Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 қазанда № 14333 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13068 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
1. Осы Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібі айқындалады. Жүйенің операциялық орталығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2024 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жүйе қатысушылардың нұсқауларын көпжақты клиринг жолымен оның қатысушылары арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі болып табылады.