Близость слов: Окончание:





«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 24 қазандағы № 10813 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әрі қарай- Ереже) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 129-бабының 2- тармағына сәйкес Ереженің 1 – тармағында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сілтеме қажет.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі? Осыған орай, Ереженің 33-тармағының  1 абзацындағы «жалпы білім» сөзін «жалпыға міндетті» деп ауыстыруды ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағы негізінде  дәлелді жауап беруді сұраймыз.
Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Әлтаев
Полная версия
ИС BestProfi