1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14420 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 кіші бюджеттік бағдарламасы мен 001 бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
100 Мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 100, 103, 104 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 246 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«246 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
001 Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
100 Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
Полная версия

