Бұдан әрі Жалға беруші және Жалға алушы немесе Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 28 наурыздағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімге сүйене отырып. «Байқоңыр» кешенін сақтауға, ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік-мәдени потенциалы мен инфрақұрылымдарын тиімді пайдалану мен дамытуға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мүдделі екендігін ескере келе, екі елдің одақтастық мүдделерінің стратегиялық контекстегі «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеуін есептей келе, ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының сынау, технологиялық объектілері мен қамтамасыз етуші инфрақұрылымы, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері біртұтас ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік «Байқоңыр» кешенін құрайтындығын тани отыра, Тараптардың мүдделерінің есебімен «Байқоңыр» кешенін жалдау мен пайдалануда Жалға беруші мен Жалға алушының құқы мен міндетін реттеу шартының қажеттілігін ескере отырып, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау туралы шарт (Мәскеу қ., 1994 жыл 10 желтоқсанда)
ҚР Президентінің 17.04.1995 жылғы № 2195 Жарлығымен ратификацияланды
Редакция 09.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 - бап Қолданыстағы түсініктер мен терминдер
1.1 «Байқоңыр» кешені - «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Ленинск қаласының, олардың қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктері, сынау, технологиялық, ғылыми, өндірстік-техникалық, әлеуметтік және қамтамасыз ету объектілері.
1.2 «Байқоңыр» ғарыш айлағы - оған технологиялық, техникалық, қамтамасыз етуші және әкімшілік-қызмет объектілері орналасқан «Байқоңыр» кешеніне кіретін және ғарыш бағдарламаларын орындауға арналған аумақ.
1.3 Ленинск қаласы - оның аумағында жалдау жағдайында жұмыс істеу үшін «Байқоңыр» кешенінің объектілері, «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен қаланың басқа тұрғындары үшін қажетті коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік - мәдени жағдайлар жасайтын, сондай-ақ, басқа да объектілер орналасқан Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық бөлігі.
1.4 «Байқоңыр» ғарыш айлағының объектілері - техникалық, ұшырғыш, қондырғыш және өлшегіш кешендері, іздеп-құтқару қызметінің объектілері,* сақтау қоймалары, құятын-бейтараптандыратын станциялар, құрылыстар, пәтерлі үйлер, әкімшілік ғимараттары мен қызмет жайлары, әлеуметтік орта объектілері, бұл кешендер мен қызметтердің басқа да элементтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан мүліктерге, жер учаскелері мен қажетті санитарлық-қорғаушылық зоналарға, ракета ұшырғыштың ажыратқыш бөлшектерінің құлайтын аудандарына бөлінген жер учаскелерін қоса алғанда сай келетін басқа да объектілер.
_____________________________
*Іздеп құтқару қызметінің объектілерін жалдау шарты мен қолдану тәртібі бөлек келісіммен анықталады
1.5 «Байқоңыр» кешенін қамтамасыз ету объектілері - байланыс жүйелерінің, телевизиялық және радио хабарларын тарату, жылумен, сумен, энергиямен, газбен жабдықтау және канализациялық, тас және темір жолдар, инженерлік жүйелер, автокөлік, жылжымалы темір жол составының, әуе айлағы, авиациялық және әуе айлағының техникалық объектілері, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының жұмыс істеуі мен Ленинск қаласына лайықты мүліктер, жер учаскелері мен қажетті санитарлық-қорғаушылық зоналар үшін қажетті жағдайлар жасайтын басқа да объектілер.
1.6 Ғарыш айлағының қызметшілері - Ресей Федерациясының әскер құрамасындағы әскери қызметкерлер, ғарыш айлағы объектілерінде және «Байқоңыр» кешеніндегі объектілерді қамтамасыз ететін тұрақты және уақытша негізде жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік өкімет органдары мен басқармаларының, кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының осы объектілерге іссапарға жіберілген азаматтары, сондай-ақ Ленинск қаласында, Төре-Там мен Ақай поселкелерінде тұратын ғарыш айлағының зейнеткерлері.
1.7 Ғарыш айлағы қызметшілерінің отбасы мүшелері - ғарыш айлағы қызметшілерінің зайыптары, балалары, туысқандары, сондай-ақ олармен бірге тұратын және олардың асырауындағы адамдар.
1.8 Ленинск қаласының әкімшілігі - Ленинск қаласындағы әкімшіліктің әкіміне бағынышты өкіметтің орындаушылық органдары.
1.9 Ресей Федерациясының әскер құрамасы - осы Шарт шеңберіндегі ракеталы-ғарыштық бағдарламаларды орындауға байланысты «Байқоңыр» кешеніндегі объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Ресей Федерациясының әскери бөлімдері, әскери өкілдігі, мекемелері мен басқа да әскери бөлімшелері.
2 - бап Шарттың тақырыбы
Жалға беруші тапсырады, Жалға алушы «Байқоңыр» кешенін жалға қабылдап алады. «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен оның жер учаскелері орналасқан координаттары осы Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын, № 1 және 2 қосымшаларда келтірілген.
3 - бап Жалдау мақсаттары
3.1 Жалға алушы «Байқоңыр» кешенін:
- Ресей Федерациясының азаматтық және қорғаныстық ракеталы - ғарыштық бағдарламаларын;
Полная версия