Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) "Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).
Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысына" қолданылмайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;
2) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;
3) конкурстық комиссия – конкурсқа ұсынылған құжаттарды олардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн белгілеу және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
7) мерзiмдi баспа басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және үш айда бір реттен сиретпей шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар.
4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын келесі жылға айқындау мақсатында конкурсты ұйымдастырушы ағымдағы жылғы қарашадан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылдау, конкурс туралы қосымша ақпарат беру мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттерді ашу орны, күнi және уақыты;
8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мерзiмдi баспа басылымы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушыға баспа басылымдарын шығарудың тиражы мен мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасымен қоса өтінімді мөрленген конвертте ұсынады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Конкурстық комиссия өтiнiмдер салынған конверттердi конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысымен (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Конкурстық комиссия хабарландыруда көрсетілген конкурс талаптарына сәйкес келетін мерзімді баспа басылымдарын айқындау мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда конкурстық комиссия өтінімді сәйкес келтіру мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтару туралы жазбаша дәлелді жауапты оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың өтінімдерде көрсетілген электрондық мекенжайларына жібереді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары баллдары бар мерзімді баспа басылымдарын конкурстық комиссия заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдары ретінде айқындайды.
11. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы ресімделеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Өтінімдерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарын айқындау конкурсы қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.
13-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасы бар хабарламаны конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе өтінімдерінде көрсетілген электрондық мекенжайларына жібереді.
Конкурсқа қатысушы немесе оның өкілі хаттама жобасы бар хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасына қарсылық беруі мүмкін.
Конкурс қорытындыларының хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшесі болып табылмайтын конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қайтарудың себептерін толық сипаттап, оның ішінде конкурсты ұйымдастырушы қоятын талаптарға олардың сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдері қайтарылған мерзімді баспа басылымдары;
2) заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдарының айқындалуы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің конкурс қорытындылары хаттама жобасымен, сондай-ақ қарсылықтар келіп түскен жағдайда, оларды қараудың нәтижелерімен таныстырылғаны туралы ақпаратты қамтиды.
15. Конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы бір жыл мерзімге беріледі.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.
3-тарау. Конкурстық комиссияның және жұмыс органның жұмыс тәртiбi
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Конкурстық комиссия мүшелерінің құрамын және санын конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы ақпаратты ескере отырып бекітеді.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Конкурстық комиссияның мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса, өтінімдерді қарауға қатыспайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
Конкурстық комиссияның мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған кезден бастап конкурсты ұйымдастырушыны жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
19. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) қажет болған жағдайда, ұсынылатын өтiнiмдерді қарауға және сараптаманы жүзеге асыруға қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды және (немесе) өзге де мамандарды (консультанттарды) тартады;
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Барлық қатысушылар хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе мерзімді баспа басылымдарынан өтінімдер болмаған жағдайда, конкурс өткізілмеді деп танылады.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мерзімді баспа басылымдарының
заңнамалық актiлердi және
Конституциялық Соттың қорытынды
шешімдерін ресми жариялау құқығын
алуға конкурс өткiзу қағидаларына
1-қосымша
Осы Қағидалар қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 472 Қаулысына сәйкес (02.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2021 жылғы № 428 Қаулысымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (22.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (09.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Толық атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
_______________________________________________________________
2. Орналасқан жерінің мекенжайы/заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
3. Телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы:
_______________________________________________________________
4. Мерзімді баспа басылымының атауы:
_______________________________________________________________
5. Мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлік:
_______________________________________________________________
6. Баспа басылымдарын шығару тиражын және мерзімділігін растайтын баспахана анықтамасы (қосымша).
_______________________________________________________________
Мерзімді баспа басылымдарының
заңнамалық актiлердi және
Конституциялық Соттың қорытынды
шешімдерін ресми жариялау
құқығын алуға арналған конкурс
өткiзу қағидаларына
2-қосымша
Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.12.2023 жылғы № 1092 Қаулысына сәйкес (өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған баллдық бағалау