Близость слов: Окончание:





«Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 212 бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 707 бұйрығының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 10 қарашадағы № 777 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 212 бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 707 бұйрығының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Полная версия
ИС BestProfi