Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2022
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.12.2022 жылғы № 61 Жарлығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
1. Осы Үлгі ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының және құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) аттестаттаудан өткізудің ұйымдастырылуын айқындайды.
2. Қызметкерлерді аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – олардың кәсіптік даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім.
3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестатталуға тиіс қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды.
Аттестаттау кезінде қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күнге дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.
4. Құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер қатарындағы әйелдер жүктілігі және баланы күту үшін берілген демалыс мерзімінде аттестатталынбайды. Олар қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірілмей аттестатталынады.
5. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде білім беру ұйымдарында оқып жатқан қызметкерлер оқу аяқталғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарының жүйесіндегі лауазымға тағайындалғаннан соң кемінде бір жыл мерзімнен кейін аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметтердің аттестатталуы тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымдардан қайтып келгеннен кейін, бірақ құқық қорғау органдарының жүйесіндегі лауазымға тағайындалғаннан соң кемінде бір жыл емес мерзімнен кейін аттестаттаудан өтеді.
6. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
2) кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;
Полная версия
ИС BestProfi