Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.11.2019
Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 7 желтоқсанда № 14491 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 17 қарашадан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысаны бектілісін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 бұйрығына
қосымша
___микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты
Бұдан әрі «Қаржы агенттігі» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан _____________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және бұдан әрі «микроқаржы ұйымы» деп аталатын «________________________________ микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің атынан_____________ негізінде әрекет ететін ___________________________________ екінші тараптан және бұдан әрі «Алушы» деп аталатын ____________________, атынан___________________________________ бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына;
  ________________жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы___________ № ____ хаттамасына сәйкес осы микрокредит беру бойынша субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi