Осы Заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.
Пробация туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-VI Заңы
Редакция 09.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Пробация ұғымы, мақсаты және міндеттері
1. Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
2. Пробацияның мақсаты:
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
3. Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға
1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының пробация
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның алдында басым болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.
Полная версия